Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас жеңімпаздар мен жасөспірімдерді дамыту" орталығындағы "Көшбасшылық" тренинг сабағы
12
қазан
2022
"Жас жеңімпаздар мен жасөспірімдерді дамыту" орталығындағы
   12.10.2022 күні, 7 "Ә" сынып оқушылары ата-анамыз, Алматы қалалық нотариусы Такишева Гульшат Омирсериковнаның ұйымдастыруымен "Жас жеңімпаздар мен жасөспірімдерді дамыту" орталығына "Көшбасшылық" тренинг сабағына барды. https://www.instagram.com/reel/CjnlUNWLbiS/?utm_source=ig_web_copy_link  
"Педагогикалық сыныптар құру" жобасы бойынша "Әр түрлі тарихи дәуірлердегі көрнекті ұстаздар" тақырыбында пікір алмасу
11
қазан
2022
"Педагогикалық сыныптар құру" жобасы бойынша "Әр түрлі тарихи
Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетімен құрылған серіктестік негізінде "Педагогикалық сыныптар құру" жобасы бойынша 11.10.2022 күні, 10-11 сынып оқушыларынан құрылған педагогикалық сыныпқа алғашқы сабақ "Әр түрлі тарихи дәуірлердегі көрнекті ұстаздар" тақырыбында пікір алмасуды п.ғ.к.,профессор Бауыржан Сейітбекұлы өткізді. Мақсаты • Ұлт ұстаздарының педагогикалық еңбектерімен танысады; Педагогикалық көзқарастарын талдай алады.Қазақ педагогикасының тарихында елеулі із қалдырған
Халықаралық география конференциясы
11
қазан
2022
Халықаралық география конференциясы
   Түркияның Карабюк университетінде 7-9-шы күндері аралығында өткен Халықаралық география конференциясына біздің мектептің география пәні мұғалімі Амангелді Өзерке қатысып, өзінің ғылыми-педагагокалық жаңалықтарымен бөлісіп, басқа елдерден келген ғалымдардың еңбектерімен танысып қайтты. Сондай-ақ, бұл конференцияда ҚазҰУ-нің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Есназарова Ұлжалғас Әмзеевна және профессор бастаған “Атаулы мектеп” ұйымы да қатысты.
Ескендір Бестаймен бірге  "Қайырымдылықты қалай түсінесің?" тақырыбындағы сынып сағаты
07
қазан
2022
Ескендір Бестаймен бірге "Қайырымдылықты қалай түсінесің?"
   05.10.2022 күні, 4 "Ә" сынып ата-анасы, педагог-тренер Ескендір Бестай оқушылармен "Қайырымдылықты қалай түсінесің?" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Ерекше форматта өткізілген сынып сағатына оқушылар белсене қатысып, тренер мен оқушылар арасында керемет диалог құрылды.Оқушылармен тренинг жүргізілді. Оқушылармен пайдалы сынып сағатын өткізген ата-анамызға алғыс білдіреміз. Сынып жетекшісі: Калиева А.А. https://www.instagram.com/reel/CjVoyHPJlPH/?utm_source=ig_web_copy_link  
"Педагогикалық сыныптар құру" жобасы бойынша өткен "Ұстаз-мәртебелі мамандық" тақырыбындағы сабақ
06
қазан
2022
"Педагогикалық сыныптар құру" жобасы бойынша өткен "Ұстаз-мәртебелі
   Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетімен құрылған серіктестік негізінде "Педагогикалық сыныптар құру" жобасы бойынша 04.10.2022 күні, 10-11 сынып оқушыларынан құрылған педагогикалық сыныпқа алғашқы сабақ "Ұстаз-мәртебелі мамандық" тақырыбында сабақ п.ғ.к.,профессор Бауыржан Сейітбекұлы өткізді. Мақсаты • Педагог мамандығы туралы мағлұматтар беру;            • Педагог мамандығын таңдауға оң көзқарасын қалыптастыру;
ЖАҢА ПОДКАСТ!!! ЖАРЫҚ КӨРДІ!!!
06
қазан
2022
ЖАҢА ПОДКАСТ!!! ЖАРЫҚ КӨРДІ!!!
ЖАҢА ПОДКАСТ!!! ЖАРЫҚ КӨРДІ!!! ҚОНАҚТАР: Біләлов Дархан, Абай атындағы ҚҰПУ Басқарма төрағасы-Ректор Қанай Гүлмира, ҚҰҚПУ Басқарма төрағасы-Ректор https://www.instagram.com/reel/CjLOPt_ps_U/?utm_source=ig_web_copy_link  
Стилист- дизайнер Шарипова Жұлдыз Берікқызының шеберлік сабағы
05
қазан
2022
Стилист- дизайнер Шарипова Жұлдыз Берікқызының шеберлік сабағы
   Қыздарға әсемдік жарасады. 04.10.2022 күнгі, сынып сағатында ата-анамыз, стилист- дизайнер Шарипова Жұлдыз Берікқызы және көркем еңбек мұғалімі А Тойлыбаева 7 "Ә" сынып қыз балаларына ұлттық бас киімді әрлеудің құпиясын үйретті. Қыздарымыздың қолөнерге деген қызығушылығы артып, өздері әсемдеген тақияларын үйлеріне киіп қайтты. Кесте тігу, тоқыма тоқу, инені ұстау, бұйымдарды әрлеу-қазақ қыздарына жарасымды іс. Пайдалы істі үйреткен ата-анамызға алғыс білдіреміз Сынып жетекшісі: Садыкова А.Р.
1-сынып ата-аналарымен өткен тимбилдинг
19
қыркүйек
2022
1-сынып ата-аналарымен өткен тимбилдинг
   18.09.2022 күні, "Атакент" орталығының саябағында 1-сынып ата-аналарымен өткен тимбилдинг. Ата-аналар бір-бірімен танысып, ойын ойнап, ашық аспан астында қызықты жексенбі өткізді. Тимблилдингте ата-аналар арасында жылы қарым-қатынас орнап, ауызбіршіліктері нығайды. Тимбилдингке келген ата-аналарымызға алғыс білдіреміз. https://www.instagram.com/reel/CitifGAoVyB/?utm_source=ig_web_copy_link  
1- cынып ата-аналырымен тимбилдинг
18
қыркүйек
2022
1- cынып ата-аналырымен тимбилдинг
18.09.2022 күні, "Атакент" саябағында, ашық аспан астында 1- cынып ата-аналырымен тимбилдинг өтті. https://www.instagram.com/p/CiqBuG2N23A/?utm_source=ig_web_copy_link      
Ашық аспан астында 1- cынып ата-аналарымен тимбилдинг
17
қыркүйек
2022
Ашық аспан астында 1- cынып ата-аналарымен тимбилдинг
  Ашық аспан астында 1- cынып ата-аналарымен тимбилдинг Мерзімі: 18.09.2022. Уақыты: 11:00. Өтетін жері: «Атакент» саябағы https://www.instagram.com/reel/CimJD9uLQPC/?utm_source=ig_web_copy_link