“Шығармашыл тұлғаны өсіреміз” тақырыбындағы сабақ
06.12.2023ж Оқу-ағарту министрлігінің “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” бағдарламасы аясында мектебіміздің ата- аналарына “Шығармашыл тұлғаны өсіреміз” тақырыбында сабақ өтті. Сабақта ата-аналар бірі-бірімен бала тәрбиесіндегі тәжірибесімен бөлісіп, еркін пікір алмасты. Тақырыпқа сай ата-аналармен топтық, жеке жұмыс жүргізіліп, бейнематериалдар көрсетілді. Психологиялық тренингтер, ойындар жүргізілді. Келген ата-аналар педагогтардан қолдау алып, ризашылықтарын білдірді.