Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

15
наурыз
2025

«ГеоХимБио» онкүндігінің жабылу салтанаты

«ГеоХимБио» онкүндігінің жабылу салтанаты 🎉

Білімге құштар жандардың басын қосқан «ГеоХимБио» онкүндігі өз мәресіне жетті! 📚✨ Осы он күн ішінде оқушылар география, химия және биология пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, түрлі қызықты тапсырмалар мен зерттеулерге қатысты.

🔹 Жабылу салтанатында оқушылар блиц сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін тағы бір мәрте сынап көрді. Онкүндікке белсенді қатысқан оқушыларға Алғыс хаттар табысталды.

🏆 Марапаттау рәсімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байтуганова Б.А. және Альпенова Д.М. оқушыларға Алғыс хаттарды табыстап, олардың еңбегін жоғары бағалады.

🎤 Салтанатты шараның жүргізушілері:
📍 География пәні мұғалімі – Амангелді Өзерке
📍 Химия пәні мұғалімі – Амангелді Еңлік

✨ Онкүндіктің ұйымдастырушылары:
🌍 География пәні мұғалімдері – Аширбекова Ш., Алтаева М.
🧪 Химия пәні мұғалімі – Жетесова М.
🧬 Биология пәні мұғалімі – Нигметжанова Г.

🔬📚 Бұл онкүндік оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға зор үлес қосты. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/DHPT6xpNd9e/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: