Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

11
наурыз
2025

“Көңілді үзіліс”

Бүгін 11.03.2024 күні мектебімізде география, химия, биология пәндері бойынша онкүндік аясында “Көңілді үзіліс” ұйымдастырылды. Бұл – оқушыларға арналған шағын географиялық квест болды.

Квест екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар әртүрлі түстерге боялған стакандарды сәйкестендіріп, олардың арасындағы байланысты табуға тырысты. Екінші кезеңде географияға байланысты қызықты сұрақтарға жауап берді.

Бұл жай ғана көңілді үзіліс болғанымен, оқушылар үшін ерекше әсер қалдырды. Олар бір мезгілде демалып, ой сергітіп, білімдерін де шыңдай алды. Осындай шағын іс-шаралар сабақ арасындағы уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Квестті география пәнінің мұғалімі Амангелді О. ұйымдастырды. Сонымен қатар, іс-шараға мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Байтуганова Б.А. қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: