24
қараша
2025
«Суды, энергияны үнемді пайдалану» тақырыбында сынып сағаты
24.11.2025 күні, Алматы-таза қала бағдарламасы аясында «Суды, энергияны үнемді пайдалану» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға табиғи ресурстардың шектеулі екенін түсіндіру, суды және энергияны тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, үнемдеудің қарапайым тәсілдеріне назар аударту болды.
Іс-шара барысында мұғалім суды және электр энергиясын артық қолданудың табиғатқа, экономикаға және тұрмыстық жағдайға тигізетін әсері туралы ақпарат берді. Оқушылар күнделікті өмірде суды үнемдеудің жолдары (мысалы, тіс жуғанда суды ашық қалдырмау, душты шектеулі пайдалану, ақаулы крандарды жөндеу), сондай-ақ энергияны үнемдеу тәсілдері (энергия тиімді шамдар қолдану, қажетсіз жарықты өшіру, электр құрылғыларын босқа қоспау) туралы пікір алмасты.
Сынып сағаты интерактивті түрде өткізіліп, бейнеролик көрсетілді, топтық талқылау ұйымдастырылды. Оқушылар экологиялық жауапкершілік туралы өз ойларын білдіріп, үйде және мектепте ресурс үнемдеу бойынша ұсыныстар жасады.
Сабақ соңында оқушыларға «Үнемдеуді бүгіннен баста!» атты шағын жадынама ұсынылды. Сынып сағаты жоспарға сай өткізіліп, мақсатына жетті.
Сынып жетекшісі: Берденова К.А.
https://www.instagram.com/p/DRdxVijjOuD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DRbMAabDGGJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==