Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!! ”Мектеп формасы-баршаға ортақ”

01
шілде
2025

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!! ”Мектеп формасы-баршаға ортақ”

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
2025-2026 оқу жылы”Мектеп формасы-баршаға ортақ” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы номері 26 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізіле отырып, ҚР оқу ағарту министрінің тиісті бұйрығында хабарланды.
Мектеп формасы – бірыңғай, классикалық үлгідегі, СИЯ КӨК ТҮСТІ болуы керек.

ЕСКЕРТУ:‼️‼️‼️
– Қыздар:
🔰Ақ жейде классикалық үлгідегі (оверсайс жейде киюге рұқсат жоқ)
🔰Белдемше сия көк түсті (юбка) тізеден төмен
🔰Жилетка, пиджак сия көк түсті
🔰Қара туфли
🔰Бантик

– Ұлдар:
🔰Ақ жейде
🔰Классикалық үлгіде сия көк түсті шалбар тобықты жауып тұратын.
🔰Жакет, пиджак сия көк түсті
🔰 Қара туфли
🔰Мектепке арналған сөмке

– Спорттық киім
Қыздарға да ұлдарға да
🔰Ақ түсті футболка
🔰Қара түсті трико
🔰Спорттық аяқ киім

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ‼️‼️‼️
Қыздарға:
🔰Қысқа немесе ұзын белдемше киюге.
🔰Шашын түрлі түсті етіп бояуға немесе жаюға.
🔰Боянуға, тырнақ бояуға.
🔰Әшекей тағуға
🔰Спорттық аяқ киім киюге.

Ұлдарға:
🔰Шашын өсіруге, бұйралауға
🔰Спорттық аяқ киім киюге
🔰Кішкентай сөмке ұстауға

🔰 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1 тармағында «Орта білім беру ұйымдарында БІЛІМ АЛУШЫЛАР білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
🔰 Осы заңның 49-бап 6 тармағында АТА-АНАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ «білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ТИІС» екені бекітілген.
🔰Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды, кез келген діни атрибуткаларды (тізеден жоғары юбка киюге,орамал, хиджап, паранжа, кимешек, никаб, т.б.) киюге тыйым салынатынын ескертеміз!
🔰Оқушының мектеп формасына қойылатын талаптары бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен акцессуарлар киюге тыйым салынады.
https://www.instagram.com/p/DMZ07z2OhU6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=eHBwdTNyd2c5aTd6
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: