Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

14
сәуір
2025

Мектеп формасына қойылатын талаптар

Оқушылар мен ата-аналар назарына!

Мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ақпараттық таныстырылым:
2024-2025 оқу жылында оқушыларға міндетті мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (2016 жылғы 14 қаңтардағы №26), (07.08.2023 ж. №250 бұйрығына сәйкес толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) бұйрығымен бекітілгендей, білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкес енгізілді.

✅ Ұлдардың формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, ақ водолазка болады) Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет;

✅Қыздардың мектеп формасы: қара көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет, қара-көк түсті юбка (юбка ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, ақ водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.

✅ Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық қара шалбар, куртка, ақ футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовки, кеды) тұрады.

✅ Мектеп формасына түрлі ❌ діни аксессуарлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды ❌ Шашты түрлі түсті бояуға, тырнақ ұзартуға және бояуға, шаш жаюға болмайды.
 https://www.instagram.com/p/C-QSFB9CB1Y/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: