Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрімен кездесу
08.11.2024 күні, №227 ЖББМ-те Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында халықаралық, республикалық, олимпиадалар мен байқауларынын женімпаздарымен, мектеп парламенттерінің көшбасшыларымен, пікірсайыс клубтарының белсенділерімен кездесті. Мектебімізден робототехникадан халықаралық жарыстардың жеңімпазы 11 “Ә” сынып оқушысы Шамшадин Айханым кездесуге қатысты.