Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 395-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Әдебі әдемі қызбала” тақырыбында қыздар жиналысы
30
қараша
2023
“Әдебі әдемі қызбала” тақырыбында қыздар жиналысы
  30.11.2023 күні, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : А.Усенова 5 “А”, “Ә” сынып қыз балаларымен “Әдебі әдемі қызбала” тақырыбында қыздар жиналысын өткізді. Жиналыста әдептілік пен әдемілік төңірегінде әңгіме жүргізілді. Мектеп медбикесі А.Асатова жиналысқа қатысып, қыз балалармен жеке бас гигиенасы, тазалық, шаш күтіміне байланысты әңгіме жүргізді. - Әдепті сөйлеу - Әдептілік ережелері - Сырт келбет жинақылығы - Ұқыптылық -Қыздар қарым -қатынасы
Құқықбұзушылықтың алдын алу
30
қараша
2023
Құқықбұзушылықтың алдын алу
30.11.2023 күні , Бостандық ПБ кәмелеттік жасқа толмаған істер жөніндегі учаскелік инспекторы Бердікулов Бакберген Серікұлымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Усенова Айгул Курбаналикызының қатысуымен 3-сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында және қауіпсіздік ережелеріне байланысты әр сыныппен жеке әңгіме жүргізілді. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас мәдениеті, дөрекі сөйлемеу, намысына тиетін сөз айтқан жағдайдағы заңнамалармен таныстырылды.
“Қызылша” ауруы туралы дәріс
30
қараша
2023
“Қызылша” ауруы туралы дәріс
  Қазіргі таңда балалар арасында өршіп тұрған “Қызылша” ауруы туралы мектеп медбикесі А.Асатова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Усенова 5-6 сынып оқушыларына түсінік беріп, “Қызылша” ауруын алдын алу мен белгілері, емі” тақырыбында дәріс өткізіп, профилактикалық әңгіме жүргізді. - Қызылша ауруының белгілері мен симтоматикасы туралы - Аурудың өту кезеңдері - Сақтану жолдары - Жұғу жолдары - Қауіптілігі туралы Мектеп медбикесі адам көп жиналатын ортаға байқап баруды ескертті.