17
маусым
2026
Негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру рәсімі
2026 жылдың 17-ші маусым күні мектебімізде 9-сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы аттестат тапсыруға арналған «Арманға бастар ақ жол» атты салтанатты рәсім өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітірушілерін құттықтау, олардың жетістіктерін атап өту, құжаттарын тапсыру, болашаққа сенімдерін нығайту және жаңа белестерге жігерлендіру болды.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Мектеп директоры Н.Садыкова негізгі орта мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, оларға жарқын болашақ, білім мен еңбекте табыс тіледі. Өз сөзінде мектеп қабырғасында алған білімдері мен тәрбиелері олардың өмір жолында сенімді серік болатынын атап өтті.
Рәсім барысында 9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттар табысталды.
Сондай-ақ сынып жетекшілері, ата-аналар мен оқушылар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздері мен ақ тілектерін жеткізді. Бітірушілер өздерінің алғыс сөздерін айтып, мектеппен, ұстаздарына ризашылықтарын білдірді.
“Арманға бастар ақ жол» атты аттестат тапсыру рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың, ата-аналардың және ұстаздардың көңілінен шықты. Бұл шара түлектердің жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырып, олардың болашақ өміріне сеніммен қадам басуына жол ашты.
9 “Ә” сыныбы
Сынып жетекшісі: Садуақас Ж.Е.
Жауапты: дотж орынбасары:Альпенова Д.М.
Ұйымдастырушы: дтіжо Усенова А.К.
https://www.instagram.com/p/DZslADQDP7N/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DZslt2TDMch/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DZsjOeUjDYn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==