Қолдан мүсіндеу — шексіз қиял әлеміне есік ашатын өнер!
Қолдан мүсіндеу — шексіз қиял әлеміне есік ашатын өнер! Қолдан мүсіндеу — бұл адамның қиялы мен шығармашылық қабілетін дамытуға арналған өнердің бір түрі. Бұл процесс әртүрлі материалдардан (балшық, гипс, пластилин, қамыр және т.б.) бұйымдар жасауды қамтиды. #Пайдалысенбі81 айдары аясында 9 “Ә” сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Садыкованың ұйымдастыруымен “Қолдан мүсіндеу” орталығына барып, мүсін жасап, пайдалы сенбі өткізді.