«Жыл басына таласқан хайуанаттар» қойылымы
Бүгінгі «Жыл басына таласқан хайуанаттар» қойылымында балалардың өнерін шынайы тамашалап, әділ бағасын беріп, жылы лебізін білдірген оқу ісінің орынбасары Дилара Маратовнаға үлкен алғысымызды білдіреміз! 🌷 Балалардың еңбегін көріп, қолдау білдіру – олар үшін үлкен мотивация. Әрбір жақсы сөз кішкентай жүрекке қанат бітіреді. Осындай қолдау әрдайым болып тұрса, өнерге деген құлшыныс одан сайын арта түсері анық. Ұйымдастырушы, сынып жетекшісі:Ахметжанова А.А.