Ұлағатты ұстаз Орынша Жолмұратқызы Қарабалинамен кездесу кеші
14 мамыр күні Алматы қаласындағы №81 мектеп-гимназияда мыңдаған шәкіртінің шырағын жаға алған ұлағатты ұстаз Орынша Жолмұратқызы Қарабалинамен кездесу кеші өтті. Орынша апай туралы бір ауыз сөзбен айтсақ, ол – бала жүрегіне үңіліп, сөйлесе алатын ұстаз. Орынша апай сабақ берген шәкіртінің жанын түсініп, тілдесе алған, қабілетін аша алған. Қарапайым көрінгенімен, бұл – ұстаздың негізгі міндеті. Үлгі аларлық ұстаздың болмысына қызығып, көруді армандап жүрген №81 мектеп-гимназия ұжымы осы күнді