Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 395-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты

01
маусым
2026

«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты

  2026 жылдың 01 маусым күні мектебімізде «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және көтеріңкі көңіл күй сыйлау.Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, түрлі ойындар мен көңілді эстафеталарға қатысты. Лагерь топтары өздерін таныстырып, ұрандары мен атауларын көпшілікке ұсынды. Балалар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күйде болды.
Шара соңында оқушыларға лагерь жұмысының жоспары таныстырылып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Ашылу салтанаты балаларға ерекше әсер қалдырып, жазғы демалыстың жарқын бастамасына айналды.
«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өз мақсатына жетіп, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және жазғы демалысты қызықты өткізуге оң ықпал етті.

https://www.instagram.com/reel/DZDNAHHsxbt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: