18
наурыз
2026
«Қазақ қызы әдемі» атты әдемі ұлттық киім дефилесі
Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз -Ұлттық киім күніне байланысты 5-6 сынып оқушылары арасында «Қазақ қызы әдемі» атты әдемі ұлттық киім дефилесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігін таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Шара барысында қыз балалар қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін заманауи үлгіде көрсетіп, сахнада еркін жүріп өту арқылы дефиле жасады. Ұлттық киімдерін өз қолөнерлерімен табиғи, тұрмыстық заттармен жасап, әшекейледі. Әр қатысушы өз киімін таныстырып, оның шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы қысқаша мәлімет берді. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал етті.
Ұлттық киімдерге байланысты қыздармен сұрақ-жауап жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әділқазылар алқасы қатысушылардың киім үлгілерін, сахнада өзін ұстауын, шығармашылық көзқарасын бағалап, үздіктерді марапаттады.
Жауапты: сынып жетекшілері.
Ұйымдастырушы: дтіжо Усенова А.К.
https://www.instagram.com/reel/DWCJoCDDEEC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==