03
ақпан
2026
Балалар жазушысы, журналист Саят Қамшыгермен кездесу
03.02.2026 күні, мектебімізде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ақын, аудармашы, балалар жазушысы, журналист Саят Қамшыгермен және ақын, журналист, Башқұртстанның Халық ақыны, Башқұртстан Жазушылар одағы Балалар әдебиеті кеңесінің басшысы, республикалық “Ақбозат” журналының бас редакторы Лариса Абдуллинамен әсерлі кездесу өтті. Кездесу “Тастамашы, Ана!” тақырыбында өтті. Тағылымы терең кездесуден балалар ата-ананың қадірі туралы, оларға деген сүйіспеншілік пен құрмет жайында әңгіме өрбіді. Кездесу барысында балаларға тәрбиелік мәні зор ой-пікірлер ұсынылып, рухани құндылықтарды бағалауға бағыт берілді.
Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері.
https://www.instagram.com/p/DUYsGc5jCfV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері.
https://www.instagram.com/p/DUYsGc5jCfV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
