19
желтоқсан
2025
«Қақпақтан қоқыс жәшігін жасау» экологиялық конкурс қорытындысы
Мектеп директоры Н.Садыкованың “Eco Trash Box: идеядан – іске!” авторлық жобасы бойынша ұйымдастырылған «Қақпақтан қоқыс жәшігін жасау» экологиялық конкурсы өз мәресіне жетті.
Нәтижесінде пластик қақпақтардан оқушылардың қолымен жасалған қоқыстар салынатын жәшіктер мектеп дәлізінде өз орнын тапты.
Бұл жобаға 5-8 сынып оқушылары қатысып, барлық жасалған қоқыс жәшіктеріне 15 мыңға жуық пластик қақпақтары пайдаланылған.
Оқушылар пластик қалдықтарды қайта пайдалануға болатынын білді. Қоқыс жішігін жасау- сыныптың топтық креативтілігі мен құрастыру дағдылары дамыды. Мектепте таза әрі жасыл ортаға тағы бір қадам жасалды. «Бір қақпақ — бір жауапкершілік» ұранымен табиғатқа жанашырлықпен қарап, қайта өңдеу мәдениеті қалыптасты. Оқушы–мұғалім–ата-ана ынтымақтастығы нығайды. Ең бастысы — бұл балалардың қолымен жасалып бірлескен еңбектің нәтижесі болды. Оқушылардың жауапкершілігі артып, мектеп ортасы тағы бір пайдалы, эстетикалық элементпен толықты.
Бұл жоба мақсаты сыныптағы оқушыларды ауызбіршілікке, командалық жұмыс жасау арқылы экологиялық тәрбие беру еді.
«Eco Trash Box» жобасы бізге бір нәрсені дәлелдеді:Экология — сөз емес, іс! Экология — ортақ міндет!Таза мектеп — саналы ұрпақтың таңдауы. Қысқа мерзімге арналған «Eco Trash Box» жобасы сәтті аяқталды. Қорытындысы бойынша жеңімпаз сыныптар дипломмен және шағын қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Кішкентай қадамдар — үлкен өзгеріске бастайды.
Белсенді қатысқан сыныптарға алғыс білдіреміз.
https://www.instagram.com/p/DSdDb-Gk4Sf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==