22
сәуір
2025
Жонглёрлік өнердің жас шебері Салаватов Алидің телеарнаға сұхбатынан
Мектебіміздің мақтанышы, жас талант, цирк өнерінің майталманы, жонглёрлік өнердің жас шебері Салаватов Алидің телеарнаға сұхбатынан
N81 мектеп-гимназиясының 9 Ә сынып оқушысы Салаватов Али — тек мектептің ең жақсы оқушысы ғана емес, сонымен қатар ерекше дарынды жонглёр. Ол жонглёрлік өнерге бала кезінен әуестеніп, бүгінде бірнеше затпен еркін жонглёр жасай алады. Али өз өнерімен мектеп қабырғасында түрлі іс-шараларда, мерекелік концерттерде көзге түсіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп жүр.
Жонглёрлік өнер — шыдамдылықты, икемділікті және зейінді қажет ететін ерекше қабілет. Али осы қасиеттердің барлығын бойына сіңіріп, өнерін күн сайын шыңдап келеді. Ол үшін жонглёр болу — жай ғана хобби емес, бұл — өзін-өзі дамыту мен шығармашылықты танытудың бір жолы.
Біз Салаватов Алиді мақтан тұтамыз және оған жарқын шығармашылық табыстар тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DIvr7pFN5DJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DIv1g_GNl0J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==