Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Smartgroup.kz” жиһаз цехына саяхат. 9 «Ә» сынып оқушылары

08
сәуір
2025

“Smartgroup.kz” жиһаз цехына саяхат. 9 «Ә» сынып оқушылары

9 «Ә» сынып оқушылары “Smartgroup.kz” жиһаз цехының жұмысымен танысты
2025 жыл- жұмысшы мамандықтар жылы аясында №__81_ мектептің 9 «Ә» сынып оқушылары @smartgroup.kz жиһаз цехына экскурсия жасап қайтты.
Кәсіпорын басшысы Көлшібаев Мейрам оқушыларды цехтың өндірістік процесімен таныстырып, жиһаз жасау жолдарын, қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтарды көрсетті. Оқушылар кәсіби еңбек иелерінің күнделікті жұмысы жайында мағлұмат алып, болашақ мамандық таңдауына қатысты пайдалы ақпарат жинады. Жиһаз цехы жеке меншік болса да 60 адамды жұмыспен қамтып, жұмыссыздыққа өз септігін тигізіп отыр. Бізге экскурсия жасауға келісім беріп, балаларға бағыт-бағдар беріп, цехтың қыр-сырымен таныстырғаны үшін цех басшысы Көлшібаев Мейрам мырзаға алғыс білдіреміз!

Экскурсия барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Іс-шара олардың еңбекке деген құрметін арттырып, жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын оятты.

Цех мекенжайы: Маметова көшесі,73
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі: Садыкова А.Р.
Жауапты, дотжо:Альпенова Д.М.
https://www.instagram.com/p/DIQAtmco5e0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: