Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу

13
қаңтар
2025

Жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу

13.01.2025 күні, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Усенова және мектеп психологі Касимова Акниет Нурзадаевна 7 “А”, 7 “Ә”, 7“Б” сынып оқушыларымен жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Педагог-психолог буллинг пен кибербуллингке түсінік бере отырып, айырмашылықтарына тоқталды.
Әрбір оқушы мектепте өзін қауіпсіз сезінуге құқылы екендігі түсіндірілді.
Мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу,

Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.

Дәріс барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп,ойғашақырылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.
https://www.instagram.com/p/DExnrHFObi7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: