Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубына оқушыларды қабылдау рәсімі

13
желтоқсан
2024

“Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубына оқушыларды қабылдау рәсімі

13.12.2024 күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 33 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік –елімнің ерлік жолы» тақырыбында мерекелік іс шарада “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті.
Кеш қонақтары клубқа қабылданушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 7 “Ә” сынып оқушылары қабылданып, ант берді.
“Жас Сарбаз” әскери-патриоттық клубының мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдер мен адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті, патриотизмді, рухани-адамгершілік дамуды және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету болып табылады.
Жетекшісі:Қорғанбеков Н.Т.
https://www.instagram.com/p/DDt-5LWuKUB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: