Ас адамның -арқауы!
Көркем еңбек сабағында оқушылар ерекше әрі пайдалы іспен айналысуда. Біз тағам дайындаудың қыр-сырын үйреніп, өз қолымызбен дәмді ас жасап көрдік. Бұл сабақ тек аспаздық шеберлікті дамыту ғана емес, сонымен қатар ұқыптылыққа, тазалыққа және бірлесе жұмыс істеуге үйретті. Әр оқушы өз үлесін қосып, нәтижесінде әдемі әрі дәмді тағамдар дайын болды 👩🍳👨🍳 Осындай сабақтар арқылы біз күнделікті өмірде қажет болатын маңызды дағдыларды меңгереміз! Пән мұғалімі. Тойлыбаева А.Т.