Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 395-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «КІТАП ОҚЫ-БИІККЕ САМҒА» байқауының қорытындысы

23
сәуір
2026

«КІТАП ОҚЫ-БИІККЕ САМҒА» байқауының қорытындысы

23 сәуір -Ұлттық кітапхана және кітапханашылар күні қарсаңында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған
«КІТАП ОҚЫ-БИІККЕ САМҒА» байқауының қорытынды кеші өтіп, жеңімпаздар марапатталды.
Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Балалар кітапханасы» жобасы негізінде ұйымдастырылған «Кітап оқы – биікке самға» акциясы өз мақсатына толық жетті. Аталған іс-шара барысында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігі қалыптасты.
Акция оқушылардың рухани дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне, сөздік қорының баюына оң ықпал етті. Сонымен қатар, оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар анықталып, олардың шығармашылық қабілеттері мен оқуға деген ынтасы жоғары деңгейде екені байқалды. Жалпы, акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор, нәтижелі шара ретінде бағаланды.
Жоба авторы: мектеп директоры:Садыкова Н.К.
Жауапты, мектеп кітапханашылары: Алимбекова Г.Т, Айнақұлова Ж.А.
https://www.instagram.com/reel/DXbsN90MJl9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: