Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Эссе түрлері және эссе жазудың әдістемесі” деген тақырыпта дәріс

12
наурыз
2025

Эссе түрлері және эссе жазудың әдістемесі” деген тақырыпта дәріс

   12.03.2025 жылы «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ноттингем университетінің түлегі, магистр Еділбай Төлеубайұлы Оспановтың “ Эссе түрлері және эссе жазудың әдістемесі” деген тақырыпта дәріс өткізілді. Бұл дәрістің мақсаты – оқушыларға эссе жанрының теориялық негіздерімен таныстыру, оның түрлерін ажырату және тиімді эссе жазу әдістемесін үйрету. Тыңдаушыларға эссе құрылымы, ойды жүйелі жеткізу жолдары, дәлелдер мен дәйектерді қолдану тәсілдері түсіндірілді.
Оқушыларға эссе жанрының маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі заманғы білім беру мен шығармашылық ойлауда эссе жазудың рөлі ерекше екенін айтты. Эссе ұғымы және оның ерекшеліктеріне тоқтала кетті, яғни эссе – жеке көзқарасты білдіретін шығармашылық жанр. Оның басты ерекшелігі – еркін стильде жазылуы, нақты құрылымының болуы және авторлық ойдың айқын көрінуі. Дәріс барысында тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қосымова Гүлбану Сейілбекқызы эссе жазу арқылы оқушылар өз ойларын еркін әрі дәл жеткізуге үйренетінін, бұл дағды олардың болашақ кәсіби және академиялық жетістіктеріне оң ықпал ететінін айтты. Дәріс соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, эссе жазу барысында кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары туралы пікір алмасты. Дәрістен кейін қатысушыларға эссе жазу бойынша тәжірибелік тапсырмалар берілді. Оларға белгілі бір тақырып ұсынылып, эссе құрылымын сақтай отырып, ойларын еркін жеткізу тапсырмасы қойылды. Жазылған жұмыстар талқыланып, Еділ Оспанов әрбір эссеге жеке пікір білдіріп, бағалау критерийлерін түсіндірді. 
https://www.instagram.com/reel/DHHl8AYtZNh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: