28
наурыз
2023
Жапонияның @university_of_tsukuba Цукуба университетінен делегаттар мектебімізде
Бүгін мектебімізге болашақ педагогтарды даярлайтын 135 жылдық тарихы бар Жапонияның @university_of_tsukuba Цукуба университетінен делегаттар келді. Бұл ЖОО -ның 3 Нобель сыйлығының лауреаттары шыққан екен.
Қонақтарымыз бізге келмес бұрын мектебіміздің директоры @asanuly_nurgali парақшасына қызығушылық танытып, еліміздің білім жүйесіндегі ерекшеліктермен танысу мақсатында мектебімізді таңдаған. Делегаттардың мақсаты мектебіміз жайлы біліп, көшбасшы басшымызбен тәжірибе алмасу, сонымен қатар көшбасшылық кезінде кездесетін мәселелердің шешу жолдарымен танысу.
Келген қонақтарымызға мектебіміздің басшысы еліміздің білім жүйесі, мектебіміздің тынысы, атқаралып жатқан барша іс-шаралармен таныстырды. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті. Бастысы келген делегаттар ризашылықтарын білдіріп, оң пікірлерін айтты, алғыстарын жаудырды. Болашақта бірлескен жұмыс өз жалғасын таппақ деген ойдамыз.