Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 395-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ана - өмір шуағы". Сынып жетекшісі: Жетесова А.К.
03
наурыз
2021
"Ана - өмір шуағы". Сынып жетекшісі: Жетесова А.К.
   8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне байланысты 5 "А" сыныбында "Ана - өмір шуағы" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Сынып жетекшісі: Жетесова А.К. Мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу Ана-өмір қолдаушысы әлемнің Шаңырақтың шаттығы мен шуағы Сейілмесін жанарынан ананың Тіршілікке төккен нұрлы шуағы Аялайық аналарды әрдайым Қуанышқа бөлейікші өздерін
2020 - 2021 мектеп түлегі Калиева Анель Кабдукызының мақсаты
03
наурыз
2021
2020 - 2021 мектеп түлегі Калиева Анель Кабдукызының мақсаты
      Калиева Анель Кабдукызы. 2020 - 2021 мектеп бітіруші түлегіміз.    Әр адамның өмірінде қойған мақсаттары болады. Кез келген мақсаттың, мейлі ол жеке өміріңізге не мамандыққа байланысты болсын, белгілі бір сапалық көрсеткіштері болуы керек. Егер сіз мақсатыңызды осы көрсеткіштермен өлшей отырып қоя білсеңіз, оған жету жолыңыз оңай, қадамдарыңыз жүйелі болады. Мақсаттарыңызды нақтылаңыз. Бұл қасиет мақсат пен арманның бірден-бір айырмашылығы. Армандарыңыз орындалмастай болуы мүмкін, алайда
"Ана - өмір шуағы". Сынып жетекшісі: Садыкова А.Р.
02
наурыз
2021
"Ана - өмір шуағы". Сынып жетекшісі: Садыкова А.Р.
   8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне байланысты 5 "Ә" сыныбында "Ана - өмір шуағы" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Сынып жетекшісі: Садыкова А.Р.    Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
"Ана - өмір шуағы". Сынып жетекшісі: Аманкелдіқызы Өзерке.
02
наурыз
2021
"Ана - өмір шуағы". Сынып жетекшісі: Аманкелдіқызы Өзерке.
      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне байланысты 7 "Б" сыныбында "Ана - өмір шуағы" тақырыбында сынып сағаты өтті.    Сынып жетекшісі: Аманкелдіқызы Өзерке. @81_school_gymnasium    Мақсаты:       1.Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.   2.Адамда не қасиет болса да,бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған. Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы аналарға деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ақ жаулықты аналарды құрмет
Болашақ туризм саласының маманы. 11 "А" сыныбының түлегі Бақыт Айнұр
02
наурыз
2021
Болашақ туризм саласының маманы. 11 "А" сыныбының түлегі Бақыт Айнұр
      Бақыт  Айнұр Ерсайынқызы.@aiiinuraaa.b. 2020 - 2021 мектеп бітіруші түлегіміз.    Арман деген дүние - сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы. Дәл солай. Арман ғана көздегенімізге жетуіміз үшін бас көтермей жұмыс жасауымызға себепші болады. Адам ғаламат нәрселерді ойлап таппастан бұрын, оны армандайды. Ойында құрады. Ұшатын кілем туралы ертегі де арманның нәтижесінде пайда болған. Ал ұшақтардың ұшатын кілемнен несі кем? Міне, арманның күші! Армандай білген адам рухани күшімен
1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған 8 "Ә" сынып оқушыларының шығармашылығы
01
наурыз
2021
1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған 8 "Ә" сынып оқушыларының
1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған 8 "Ә" сынып оқушыларының шығармашылығы Сынып жетекшісі: Нургалиеаа Л.А. https://www.instagram.com/p/CL4J3ken7dv/?utm_source=ig_web_copy_link  
6 "Ә" сынып оқушыларының ұстаздарға ризашылығы
01
наурыз
2021
6 "Ә" сынып оқушыларының ұстаздарға ризашылығы
1 наурыз - Алғыс айту күні "Алғыс айту - ризашылықтың белгісі" 6 "Ә" сынып оқушыларының ұстаздарға ризашылығы. Сынып жетекшісі:Рысбаева Р.Б. https://www.instagram.com/p/CL4rV1SsVGs/?utm_source=ig_web_copy_link
1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған 9 "Ә" сынып оқушыларының ұстаздарға алғысы
28
ақпан
2021
1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған 9 "Ә" сынып оқушыларының
   1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған 9 "Ә" сынып оқушыларының ұстаздарға алғысы.    Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге
6 "А" сынып оқушыларының "Алғыс - айту парызым" тақырыбындағы құттықтауы
28
ақпан
2021
6 "А" сынып оқушыларының "Алғыс - айту парызым" тақырыбындағы
1 наурыз - Айту күніне арналған 6 "А" сынып оқушыларының "Алғыс - айту парызым" тақырыбындағы құттықтауы. Сынып жетекшісі: Сикымбекова Н.М. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаны үшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжеге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, Отқа – жылулығы үшін..
«Шын жүректен алғыс айтамын »
28
ақпан
2021
«Шын жүректен алғыс айтамын »
                        Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.    Құрметті де аяулы №81 мектеп-гимназия ұстаздары, сіздерге арналған мектеп оқушыларының алғысын қабыл алыңыздар.