Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 395-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары
14
қазан
2022
Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары
  14.10.2022 күні, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жоламанова жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. https://www.instagram.com/p/CjswsVgNlBn/?utm_source=ig_web_copy_link  
"Қыран елім -Қазақстаным!"
14
қазан
2022
"Қыран елім -Қазақстаным!"
14.10.2022 күні, 25 қазан - Республика күніне байланысты "Қыран елім -Қазақстаным!" республикалық акция аясында флешмоб өткізді. Сынып жетекшісі: Женсикбаева А.С https://www.instagram.com/p/CjsM2EYtNM2/?utm_source=ig_web_copy_link  
"Жас жеңімпаздар мен жасөспірімдерді дамыту" орталығына "Көшбасшылық" тренинг сабағы
12
қазан
2022
"Жас жеңімпаздар мен жасөспірімдерді дамыту" орталығына "Көшбасшылық"
12.10.2022 күні, 7 "Ә" сынып оқушылары ата-анамыз, Алматы қалалық нотариусы Такишева Гульшат Омирсериковнаның ұйымдастыруымен "Жас жеңімпаздар мен жасөспірімдерді дамыту" орталығына "Көшбасшылық" тренинг сабағына барды. Орталықта оқушылар * Лидер болу * Көшбасшылық * Жұрт алдында еркін сөйлеу * Қорқынышты жеңу * Креативті ойлау * Командада жұмыс т.б сияқты тренинг жасап, қызығушылық танытып қайтты. Оқушыларды өзін -өзі дамыту орталығына апарып, қызығушылықтарын арттыра білген ата-анамызға алғыс
"Жас жеңімпаздар мен жасөспірімдерді дамыту" орталығындағы "Көшбасшылық" тренинг сабағы
12
қазан
2022
"Жас жеңімпаздар мен жасөспірімдерді дамыту" орталығындағы
   12.10.2022 күні, 7 "Ә" сынып оқушылары ата-анамыз, Алматы қалалық нотариусы Такишева Гульшат Омирсериковнаның ұйымдастыруымен "Жас жеңімпаздар мен жасөспірімдерді дамыту" орталығына "Көшбасшылық" тренинг сабағына барды. https://www.instagram.com/reel/CjnlUNWLbiS/?utm_source=ig_web_copy_link  
«Қыздарға әсемдік жарасады
12
қазан
2022
«Қыздарға әсемдік жарасады
   Мектеп медбикесі Ә. Асатова 8 «а», 8 «ә», 8 «б» сынып қыздарымен «Қыздарға әсемдік жарасады!» тақырыбында әңгіме жүргізді. Кеңес беру барысында қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру, дұрыс күтім жасауға үйрету. Денсаулықты қалай күте білу, әдемі де, сүйкімді көріну, өз-өзі ұстау мәдениеті туралы да айтып өтті. Денсаулықты күте біл. Егер сырқаттанып қалсаңыз, міндетті түрде емделіңіз, денсаулыққа көп көңіл бөліңіз. Деннің сау болғаны – бақыт.
"Педагогикалық сыныптар құру" жобасы бойынша "Әр түрлі тарихи дәуірлердегі көрнекті ұстаздар" тақырыбында пікір алмасу
11
қазан
2022
"Педагогикалық сыныптар құру" жобасы бойынша "Әр түрлі тарихи
Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетімен құрылған серіктестік негізінде "Педагогикалық сыныптар құру" жобасы бойынша 11.10.2022 күні, 10-11 сынып оқушыларынан құрылған педагогикалық сыныпқа алғашқы сабақ "Әр түрлі тарихи дәуірлердегі көрнекті ұстаздар" тақырыбында пікір алмасуды п.ғ.к.,профессор Бауыржан Сейітбекұлы өткізді. Мақсаты • Ұлт ұстаздарының педагогикалық еңбектерімен танысады; Педагогикалық көзқарастарын талдай алады.Қазақ педагогикасының тарихында елеулі із қалдырған
"Өрт-тілсіз жау" тақырыбындағы сынып сағаты ата-анамызбен бірге
11
қазан
2022
"Өрт-тілсіз жау" тақырыбындағы сынып сағаты ата-анамызбен бірге
  11.10.2022 күнгі, 3 "Ә" сыныбының "Өрт-тілсіз жау" тақырыбындағы сынып сағатын ата-анамыз, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Нұрымбетова Гулдана Маратқызы өткізді. Өрт қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында оқушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, өрт сөндіру құралымен таныстырды. Өрт құтқарушылардың киіміндегі ерекшеліктерін практикалық түрде көрсетті. Ата-анамызға пайдалы ақпарат беріп,сабақ өткізгені
Халықаралық география конференциясы
11
қазан
2022
Халықаралық география конференциясы
   Түркияның Карабюк университетінде 7-9-шы күндері аралығында өткен Халықаралық география конференциясына біздің мектептің география пәні мұғалімі Амангелді Өзерке қатысып, өзінің ғылыми-педагагокалық жаңалықтарымен бөлісіп, басқа елдерден келген ғалымдардың еңбектерімен танысып қайтты. Сондай-ақ, бұл конференцияда ҚазҰУ-нің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Есназарова Ұлжалғас Әмзеевна және профессор бастаған “Атаулы мектеп” ұйымы да қатысты.
Мектеп ұжымының Көлсай демалыс орнына саяхатынан естелік
08
қазан
2022
Мектеп ұжымының Көлсай демалыс орнына саяхатынан естелік
   08.10.2022 күнгі мектеп ұжымының Көлсай демалыс орнына саяхатынан естелік. Көлсай көлі тұп-тұнық, қашан барсаң да көкпеңбек болып көздің жауын алып жататын ғаламат жер. Аялап қана алақанға салғандай, айналасы жасыл шыршамен ғана көмкерілген мөп-мөлдір сұлулық символы. Табиғаттың тамаша туындысы іспетті. Осындай табиғатымыздың сұлулығына көзіміз тоймай демалып қайттық. https://www.instagram.com/p/CjiwfqONSRA/?utm_source=ig_web_copy_link  
Ескендір Бестаймен бірге  "Қайырымдылықты қалай түсінесің?" тақырыбындағы сынып сағаты
07
қазан
2022
Ескендір Бестаймен бірге "Қайырымдылықты қалай түсінесің?"
   05.10.2022 күні, 4 "Ә" сынып ата-анасы, педагог-тренер Ескендір Бестай оқушылармен "Қайырымдылықты қалай түсінесің?" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Ерекше форматта өткізілген сынып сағатына оқушылар белсене қатысып, тренер мен оқушылар арасында керемет диалог құрылды.Оқушылармен тренинг жүргізілді. Оқушылармен пайдалы сынып сағатын өткізген ата-анамызға алғыс білдіреміз. Сынып жетекшісі: Калиева А.А. https://www.instagram.com/reel/CjVoyHPJlPH/?utm_source=ig_web_copy_link