04
мамыр
2026
«КӨМЕК» бағдарламасы аясында «Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер»
04.05.2026 күні, табиғи апаттарға дайындықты оқыту «КӨMEК» бағдарламасы аясында 4 «Ә» сыныбында табиғи апаттарға дайындықты оқытуға бағытталған «КӨМЕК» бағдарламасы аясында «Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын үйрету, қауіпсіздік ережелерін меңгерту және төтенше жағдайларда сабыр сақтап, өз өмірін қорғауға дағдыландыру.
Сабақ барысында оқушыларға жер сілкінісінің пайда болу себептері, оның қауіптілігі және орын алған жағдайда атқарылатын негізгі іс-әрекеттер түсіндірілді. Атап айтқанда:
– ғимарат ішінде болғанда қауіпсіз жерге (парта астына, берік жиһаз жанына) жасырыну;
– терезеден, ауыр заттардан алыс болу;
– лифт қолданбау;
– жер сілкінісі тоқтағаннан кейін ғана сыртқа шығу керектігі айтылды.
Сонымен қатар оқушылармен практикалық жаттығулар жүргізіліп, қауіпсіз эвакуациялау жолдары көрсетілді. Бейнематериалдар ұсынылып, жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдері бекітілді.Сынып жет: Калиева А.Н.
https://www.instagram.com/p/DX5x-EKjCoj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==