Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 395-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Шын жүректен кітап сыйла!” акциясына ата-аналар мен ұстаздарды, оқушыларды белсенді қатысуға шақырамыз!

13
ақпан
2026

“Шын жүректен кітап сыйла!” акциясына ата-аналар мен ұстаздарды, оқушыларды белсенді қатысуға шақырамыз!

Қымбатта ата-аналар және оқушылар!
14 ақпан -Халықаралық кітап сыйлау күніне байланысты “Шын жүректен кітап сыйла!” акциясына ата-аналар мен ұстаздарды, оқушыларды белсенді қатысуға шақырамыз!
📚Кітап-таусылмас қазына
Бұл күннің мақсаты:
• Балалар мен ересектерді кітап оқуға ынталандыру;

• 13.02.2026 күні, ұйымдастырылатын шаралар:

1. Book swap (кітап алмасу)
Әр оқушы өз оқыған кітабын әкеліп, басқа оқушы оқыған кітаьымен ауыстырады.

2. “Шын жүректен кітап сыйла!” бұрышы ұйымдастырылады. Ол бұрышқа кімге кітап сыйлағыңыз келеді, сыйлайтын адамыңыздың аты-жөнін көрсетіп, тілегіңізді кітаптың алғашқы бетіне жазып қалдырасыз. Кітапты әрлеп қоюға болады. Сыйлық иесі сыйлық бұрышынан өз сыйлығын алады. Кітап сыйлаушыға алғысын айтып, видео жолдап, эмоциясымен бөліссе болады. Бұл кезеңге ұстаздар да, оқушылар да қатыса алады.

3. “Кітап-таусылмас қазына” Қымбатты ата-ана атаулы күні балаңызға кітап сыйлап қуантыңыз, себебі, кітап -ең қымбат сыйлық! Эмоцияларыңызды бізбен бөлісуді ұмытпаңыздар. Видео жолдасаңыздар болады.
Жауапты: дтіжо, мектеп кітапханашылары
https://www.instagram.com/p/DUpXsXljET8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: