14
сәуір
2021
"Мамандықты дұрыс таңдау - ертеңіңді ойлау" тақырыбындағы тренинг
Мектеп психологі Б.Ж Жирен 9 сынып оқушыларына "Мамандықты дұрыс таңдау - ертеңіңді ойлау" тақырыбында тренинг өткізді.
Мамандық таңдау — адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Яғни адам өз бойындағы қабілетіне қарай, икемділігіне қарай, бір сөзбен айтқанда шама-шарқына қарай өзіне және қоғамға қызмет ету дегенмен бірдей. Сондықтан адам баласы өмірде мамандық таңдауда өз өміріне балта шаппастай етіп үлкен жауапкершілік арқалай отырып асқан ыждаһаттылықпен таңдау жасауы тиіс. Бүгінгі дамыған қоғамда мамандықтың түрі өте көп. Мәселен, соңғы статистикалық зерттеулер бойынша, әлемде 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Әрине, бұл 40 мыңның ішінен өзіңе лайық біреуін таңдау оңайға соқпауы мүмкін. Алайда жүрегің қалаған, қоғамда сұранысқа ие кәсіп иесі болуға мүмкіндік мол. Ол үшін нарықты зерттеп, яки қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз бетіңше сараптама жүргізуге болады.