Молдагалиев Рахымжан Кендежанович. Болашақ ІТ саласының маманы. 2020-2021 оқу жылының түлегі. » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих
» » Молдагалиев Рахымжан Кендежанович. Болашақ ІТ саласының маманы. 2020-2021 оқу жылының түлегі.

06
март
2021

Молдагалиев Рахымжан Кендежанович. Болашақ ІТ саласының маманы. 2020-2021 оқу жылының түлегі.

Молдагалиев Рахымжан Кендежанович. 2020-2021 оқу жылының түлегі. Болашақ ІТ саласының маманы.
    «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» дейді ғұлама Әл-Фараби. Мектеп түлектері алдында – үлкен мақсат. Ол – таңдаған мамандық иесі атану. Мамандық дегенде бұрынғы мен бүгінгіні салыстыруға келмейді. Бұрынғыдай жалпы жұртқа жаттанды санаулы мамандықтың да ғұмыры ұзақ емес. Тіпті, бір кездері табысты болған мамандық бүгінде ұмыт болған. Бұл – уақыт заңдылығы.
    Технократтар дәуірінде қандай мамандық сұранысқа ие? Келешектің мамандығы қандай? Бүгін мамандық таңдайтын жастарға бағыт бере алдық па? Бұл – бүгінгі күннің сауалы. ІТ маман. Еңбек нарығында ІТ саласы мамандары сұранысқа ие екенін сарапшылар пікіріне сүйенбей-ақ күнделікті өмірде байқап жүрміз. Себебі, интернет дүкендер, электронды қызмет саласы қарқынды дамыған тұста ІТ мамандар сұранысқа ие екені сөзсіз. Әсіресе, бағдарламашылар, мобильді қосымшаны өңдеушілер, сарапшылар сұранысқа ие. Әсіресе, әлемді жайлаған індеттен сақтану үшін жарияланған төтенше жағдай цифрлық қызметтің игілігін пайдалану, технологияны игеру қажеттігін байқатты. Рақымжанға өзі қалаған мамандықтың иесі болып алдағы уақытта өз ісінің шебері болуына тілек білдіреміз.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: