Жаханова Сұлубике Ғалымжанқызы. Болашақ педагог. 20201-2021 оқу жылының түлегі. » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих
» » Жаханова Сұлубике Ғалымжанқызы. Болашақ педагог. 20201-2021 оқу жылының түлегі.

04
март
2021

Жаханова Сұлубике Ғалымжанқызы. Болашақ педагог. 20201-2021 оқу жылының түлегі.

    Жаханова Сұлубике Ғалымжанқызы. 20201-2021 оқу жылының түлегі.
    Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мұғалім мамандығын мəңгілік мамандық деп те атайды. Адам пайда болған кездерден бастап-ақ жинақтаған тəжірибесін жас ұрпаққа беру мен өмірде тəжірибені саналы түрде жинақтау қажеттігін сезінген. Педагог мамандығы адамнан жан-жақты білімді, шексіз жан жомарттығын, балаларды асқан бір даналықпен сүйе білуді талап ететіні бұрыннан дəлелденген. Мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып, Ян Амос Коменский оны «күннің астында одан биік ешнəрсе жоқ», ең құрметті, ең артық мамандық деп санаған. Ол мұғалімді бақшадағы өсімдіктерді асқан бір сүйіспеншілікпен баптайтын бағбан, адам жанының түкпір-түкпірінде білім ғимараттарын тұрғызатын сəулетші, адам жаны мен ақылын қашап, егеп, əсемдейтін мүсіншімен, жабайылық пен тұрпайылыққа қарсы шабуылды бастайтын қолбасшымен салыстырған.
    Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.
Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.
    Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
    Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
    Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
    Азбайтұғын адамның асылдығы.
   Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Сұлубике сенің таңдаған мамандығың әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Болашақта жақсы ұстаз болатыныңа сеніміміз мол. Жолың болсын Жас түлек!!!

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: