"Түлек арманы" Айбын Сәбитұлы. "2020-2021 оқу жылының түлегі » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » "Түлек арманы" Айбын Сәбитұлы. "2020-2021 оқу жылының түлегі

27
февраль
2021

"Түлек арманы" Айбын Сәбитұлы. "2020-2021 оқу жылының түлегі

Айбын Сәбитұлы. "2020-2021 мектеп бітіруші түлегіміз.
    Арман деген көп белес, біріне шықсаң бірі бар.Арман– адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат. Қандай да бір істі қолға алған болсаңыз, ол ауыр ма, жеңіл ме бәрібір, оның жиынтығы сізге қандай қуаныш алып келерін елестетіңіз. Қиял – бұл көз алдыңызға елестету. Бұл сіздің қолға алған, сүйіспеншілікпен бастаған ісіңізден рахаттануға, шабыттануға көмектеседі. Егер қолыңыздан келмей жатса, еңсеңіз түсіп, арман-қиялдың барлығын «көк сандыққа» салып, құлыптап тастамаңыз. «Жүрген аяққа жөргем ілігеді», «Қимылдаған қыр асады» демекші, әрекеттің соңы міндетті түрде берекет, игіліктен тұрады. Үлкен армандарыңыз жайлы ойлансаңыз, оған жету үшін міндетті түрде алдыңызға нақты мақсаттар қоясыз. Мақсатыңызға жету үшін ақырындап әрекет ете бастайсыз. Әрекеттеріңіздің ең бастысы, қиялыңызды күн сайын қайталап, ол туралы ойлаңыз. Басқаларға айтудан да қысылмаңыз! Арман:кеше -қиял, бүгін-мақсат, ертең-шындық болары ғажап емес. Айбын түлегіміздің жолы ашық болып, арманына қол жеткізуіне тілектеспіз.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: