Абубакир Нурсултан Сайлауұлы. Болашақ туризм саласының маманы. 2020-2021 оқу жылының түлегі. » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих
» » Абубакир Нурсултан Сайлауұлы. Болашақ туризм саласының маманы. 2020-2021 оқу жылының түлегі.

08
март
2021

Абубакир Нурсултан Сайлауұлы. Болашақ туризм саласының маманы. 2020-2021 оқу жылының түлегі.

Абубакир Нурсултан Сайлауұлы. Болашақ туризм саласының маманы.
   Қазіргі заманның жетекші мамандығы қатарына кіретін туризм мамандығының еліміз үшін алатын орны ерекше. Соңғы жылдары жұмыс пен демалысты бірге алып жүретін азаматтардың көптігіне байланысты туризм саласында түрлі бағдарлама жасалған. Сол себептен елімізде де бұл саланың даму деңгейі өте жоғары.
   Туризм - қарқынды дамып келе жатқан сала. Бүгінгі күн көптеген мектеп бітіруші туризм бизнесі саласында жұмыс істеуді армандайды. Бұл мамандық білім, қабілеттілік, ниетке негізделеді. Туризм саласының маманы болу үшін бірнеше тіл біліп, география, тарих, мәдениет, психология, дін, бизнес заңдары және де басқа білімді терең меңгеру қажет.  Бүгінгі туризм саласы компьютермен жұмыс істей білетін, кем дегенде үш тіл білетін, топпен жұмыс жасай алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, әзілдей білетін, белсенді өмір сүретін, адамдармен тіл табысып, шешім қабылдай алатын, өз қаласын сүйіп, әлемдегінің барлығына қызығушылық танытатын, адамгершілігі мол мамандарды талап етеді. Бұл мамандық саяхат, шетелге шығу, мәдениетпен танысу секілді ықпалдармен жұмыс жасайды, яғни жер жүзіне саяхат жасап, түрлі қызықты бастан кешіріп, таңғаларлық әсер алуға мүмкіндік береді. Нурсұлтан осы қасиеттердің бәрі сенің бойыңда кездеседі. сондықтан бұл сенің қолыңнан келетіндігіне кәміл сенеміз. Жолың болсын.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: