Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

05
ақпан
2024

Мектебіміздің мақтаныштары

  2024 жылдың 25-28 қаңтар күндері аралығында Үнді елінде өткен «The Goa International Robotics Festival» халықаралық ашық чемпионатта Қазақстан құрамасы құрамында мектебіміздің робототехника командасы бірге Ел намысын Екібастұз, Құлсары, Алматы және Астана қалаларының оқушыларынан құралған команда қорғады. Команда құрамында №81мектеп-гимназияның оқушылары қатысты.
1. Шамшидин Айханым-10 «Ә»
2. Ержанқызы Арай – 10 «Ә»
3. Саурикова Мерей-10 «А»
4. Медғат Мерас- 11 «Ә”
5. Умытханов Альрахат-11 «А»
05.02.2024 күні, өзге елдің төрінде көк туымызды жеңіспен желбіреткен шәкірттерімізді салтанатты құттықтау өтті. Жеңімпаздар мектеп оқушыларымен жарыстағы қызықты сәттерімен, алған әсерлерімен бөлісті.
Мектебіміздің мақтаныштарын шын жүректен жеңіс туымен құттықтаймыз. Еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер. Сіздер тағы да биік шыңдарды бағындыратындарыңызға кәміл сенеміз! Тек сәттілік!
https://www.instagram.com/reel/C2_ULvPix69/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: