Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “International Haileybury FIRST Championship” халықаралық чемпионатының жеңімпаздары

14
шілде
2023

“International Haileybury FIRST Championship” халықаралық чемпионатының жеңімпаздары

   “International Haileybury FIRST Championship” халықаралық чемпионатына Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан және Өзбекстаннан барлығы 250-ден аса оқушыны қамтитын 36 мектеп командалары қатарында мектебіміздің @infinity_fgc робототехника командасы қатысып, ІІ орын иеленді.

  Әр номинация бойынша чемпионат жеңімпаздары мен үздік номинация иегерлері Білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға Қазақстан-Британ техникалық университеті мен «Тұран» университетінің білім гранттары табыс етілді.
Соның ішінде мектебіміздің 10-сынып оқушылары Медғат Мирас пен Умытханов Альрахат “Тұран” университетінің грант иегерлері атанды.
Жеңімпаз командамыз бен грант иегерлері атанған шәкіртерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Жарайсыздар!👍👏

  «Робототехника бойынша халықаралық International Haileybury FIRST Championship чемпионатын Алматы қаласының Білім басқармасы «USTEM Robotics» қорымен және Haileybury Almaty халықаралық мектебімен бірлесе отырып, Алматыда 28-29 маусымда өткізілді. Чемпионаттың негізгі мақсаты – ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласындағы дағдыларды дамыту, ғылым, технология және техника саласында шетелдік ұжымдармен тәжірибе алмасу, түрлі шет елдердің жастары арасындағы қарым-қатынас пен достықты нығайту»
 https://www.instagram.com/reel/Cuq2h2kg_FI/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: