Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника чемпионатында топ жарды

01
ақпан
2024

Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника чемпионатында топ жарды

Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника чемпионатында топ жарды.
2024 жылдың 25-28 қаңтар аралықтарында Қазақстан құрамасы «The Goa International Robotics Festival» Үнді елінде өткен халықаралық ашық чемпионатына қатысты. Ел намысын Екібастұз, Құлсары, Алматы және Астана қалаларының оқушыларынан құралған команда қорғады. Команда құрамында №81мектеп-гимназияның оқушылары қатысты.
1. Шамшидин Айханым-10 «Ә»
2. Ержанқызы Арай – 10 «Ә»
3. Саурикова Мерей-10 «А»
4. Медғат Мерас- 11 «Ә”
5. Умытханов Альрахат-11 «А»
Үнді елінде Қазақстан құрама командасымен бірге жеңісті І орын алып, көк туымызды басқа елдің төрінде желбіретуге өз үлесін қосқан мектебіміздің шәкірттерін мақтан етеміз! Талантты да, өнертапқыш, еңбекқор шәкірттеріміз еліміздің ертеңі, жарқын болашағы болатынына сенімдіміз. Асар асуларыңыз мол болсын, биік белестерді бағындыра беріңіздер. Еліміздің абыройын асыра беріңіздер! Тек қана алға👏👏🇰🇿🇰🇿👍👍
Біздің командаларымыз жарысқа қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан өте жоғары кәсіби деңгейін байқатты. Чемпионатта тамаша ойын өрнегін көрсетіп, төл мәдениетімізді паш етті. Елімізге шетелдік командаларды шақыру үшін үлкен жұмыс атқарылды.
Үш күндік чемпионаттың қорытындысы бойынша құрама қоржыны үш жас санатындағы алты жоғары наградамен толықты.
Атап айтсақ:
FTC 12 жастан 18 жасқа дейін:
1 орын «Motivate award 1st runner up» - Sana team командасы, Алматы қаласының БИЛ;
1 орын «Think award Winner» - xCellence командасы, Астана қаласының ФМН НЗМ және Astana Garden School мектептерің құрамасы;
1 орын «Inspire award 1st runner up» - Qazaq style командасы, Алматы қаласының №124, №81, №178, №206, №200 мектептерінің және Түркістан облысы, Жетісай қаласының №6 мектебі.
FLL Explore 6 жастан 10 жасқа дейін:
«Challenge Solution» марапаты - Billion Team командасы, Екібастұз қаласының «Robopark» робототехника мектебі;
«Team model» - Jylyoi Tehnik командасы, Құлсары қаласының Е.Халыков атындағы №7 және А. С. Пушкин атындағы №6 мектеп құрамалары.
FLL Challenge 10 жастан 16 жасқа дейін:
«Engineering Excellence» марапаты - Nova Fusion командасы, Астана қаласының дарынды қыздарға арналған лицей-интернаты;
https://www.instagram.com/p/C2unnF6CqYC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: