Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

28
желтоқсан
2023

“Ділмар” шешендік өнері үйірмесі

  28.11.2023 күні, мектебімізге Абай атындағы РММИ-нің талантты оқушылары және “Ділмар” үйірмесінің жетекшісі Жарқын Саленұлы аталы сөз бен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында мектебімізге қонақта болып, шығармашылық байланыс өткізді. @dilmar_kluby “Ділмар” клуб жетекшісі @salenuly Жарқын Сәленұлы оқушылармен “Ділмар” шешендік өнері үйірмесі
аясында дамыту жолдары тақырыбында сұхбат жүргізді. Екі білім ордасы шәкірттерінің шығармашылығы керемет ұштасып, тартымды кездесу орнады. “Ділмар” клубының жетекшісі шешендік өнердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін насихаттаса, талантты шәкірттері қонақ кәделерімен келген. Бірі - Абайдың қара сөздерімен төгілсе, бірі - қара домбыраны күмбірлетіп ақындық арнауын арнады. Тағы бірі- ұлттық аспапта ойнап, сахнаға көрік сыйлады. Бірінен-бірі асқан қазақтың дарынды оқушыларының өнерлеріне көңіліміз тойып отырды. Біздің де талантты шәкірттеріміз өз өнерлерін ортаға салып, қызықты шығармашылық кеш болды. Мектебімізге шығармашылықтарымен бөлісуге келген қонақтарымызға алғыс білдіреміз. Тәжірибе мен шығармашылық байланыс алдағы уақытта өз жалғасын табады деген ойдамыз.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бірлестігі мұғалімдері
 https://www.instagram.com/p/C0NhI5kinAq/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: