Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

26
қыркүйек
2023

«Әлемнің ұлттық бейнесі» атты әдеби кешке саяхат

   №14 қалалық кітапханада өткен Алтайдың кербұғысы атанған Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай «Әлемнің ұлттық бейнесі» атты әдеби кешке мектебіміздің оқушылары қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мұғалімі А.Казакбаеваның жетекшілігімен қатысып келді.
   Әдеби кеште Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, магистрі Құттыбаев Шоқан Дүйсенханұлы мен Абай атындағы РММИ ұстазы Қизат Тілеуберді мырза жазушының шығармашылығы туралы пікірлерімен бөлісіп, кеш қатысушыларымен қаламгер туындыларына талдау жүргізді.
Автордың бірнеше шығармалары талданып, викториналық ойындар ойнатылып, шәкірттеріміз керемет әсермен қайтты.
https://www.instagram.com/reel/CxvWmXiNwLA/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
 https://www.instagram.com/p/CxvXufJNSJm/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: