25
ақпан
2021
«5 "А"-сынып оқушысы Халил Елжанның шығармашылық концерті
Қазақ – қайда жүрсе де, қолынан қасиетті қара домбырасын тастамаған халық. Көңілінің күйін күмбірлеген күй арқылы ұқтырып, әуелеген әуезді әнмен әспеттей білген. «Домбырасыз ән қайда, домбырасыз сән қайда?» немесе «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!»,-деп халық бекер айтпаған. Қазақтың төл өнерін шынайы бағалай білетін жұртшылық үшін ең құнды дүние – құдіреті қос ішегіне қонған қолдағы қасиетті қара домбыра.Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үнімен халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Ал домбырада ойнау өнері мен күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отырған. «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта аллмасаң да қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады.
Мектебіміздің осындай атадан мирас болып келе жатқан өнерді жалғастырушы жас таланты 5 "А" сынып оқушысы Халил Елжан бірлестіктің онкүндігі кезінде өзінің жеке шығармашылық концертін көрерменге ұсынды. Елжанға алдағы уақытта тек шығармашылық табыстар тілей отырып, өнердің биік шыңына шығуына тілек білдіреміз. Жетекшісі Изкенов Самен ағай, осындай дарынды шәкірттердің жұлдызын жаға білгеніңіз үшін сізге алғысымыз шексіз.