Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы

09
тамыз
2023

Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық

  Баршаңызды әлеуметтік көмекті қажет ететін барлық оқушыға ағымдағы оқу жылында демеушілік көмек есебінен мектепке дайындалуда қолдау көрсетуге шақырамыз.
✅ Акцияның ұраны:
Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
✅ Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
✅ Акцияның басталуы 2023 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2023 жылдың 30 қыркүйегінде.
Қолдау көрсетушілер әлеуметтік педагог Амангелді Еңлік Абайқызына
📲 8747 437 22 32 хабарласа алады.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: