Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз

27
шілде
2022

"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз

   №81 мектеп-гимназия әкімшілігі мен ұжымы 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады.
   Акцияның мақсаты-оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындықта материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
   Сізден мейірімділік танытуыңызды және сіздің қолдауыңызға мұқтаж балаларға қолдан келгенше көмек көрсетуіңізді сұраймыз.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: