Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Мұрат Әуезов 80 жасқа толды » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих
» » Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Мұрат Әуезов 80 жасқа толды

16
январь
2023

Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Мұрат Әуезов 80 жасқа толды

  Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Мұрат Әуезов 80 жасқа толды. 13 қантарда Алматыда мерейтойына орай Ұлттық кітапханада өткен келелі кездесуге мектебіміздің 10 “Ә” сынып жетекшісі Идришева Лаура Каиркановна және шәкірттері Жексембай Ислам, Сабырбекұлы Марлен қатысып, зиялы қауым өкілдерімен танысып, рухани әсер алып келді. Қоғам қайраткерлері мен ғалымдармен кездесу шәкірттеріміз үшін баға жетпес алтын уақыт болды. Мерейтойға келген төмендегі зиялы тұлғалармен кездесті: Белгілі ғалым, қоғам қайраткерін құттықтауға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов арнайы келді.
  «Мұрат Әуезов те 80 жасқа келді. Сұхбатын оқып отырып, керемет айтқан сөзін көзім шалып қалды. Ол «жас болсақ та, саналы қазақ болдық» депті. Шынында да, біз ерте есейдік. Жеңді түріп тастап, жұмысқа белсене араластық, бірге дамыдық. Еліміздің мәдениеті мен ғылым саласын көркейтуге барынша атсалыстық. Қазақ халқы білімді болса деген мақсат болды», – деді Қазақстанның Халық жазушысы Олжас Сүлейменов
  Мұрат Әуезов – мәдениеттанушы-ғалым, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Ол халқымыздың рухани мәдениетін дамытуға, Орталық Азия халықтарының тарихи құндылықтарын зерттеу мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосты. Сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасының да басы-қасында жүрді. Тамырында ұлтшыл мінезі тулаған ғалымның көптеген еңбегі бар.
  «Мүкеңменен бірге көп жыл жұмыс істедік. Әсіресе, бір қиын уақыт болды. «Біз үндемей отыра алмаймыз» деген жауапкершілігі мол, бірақ өте қиындыққа қарама-қайшы жағдайда жұмыс бастадық. Мүкеңмен бірге болдық. Бір туды ұстадық», – деді Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.
Естелік суреттерге түсті.
📚Қонаев қорының президенті Елдар Қонаев.
📚Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.
Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.

📚Ермек Тұрсынов – кинорежиссер, сценарист, жазушы. “Келін”, “Шал”, “Шырақшы”, “Кемпір”Мәмлүк” және басқа кітаптарының авторы.

📚Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: