Құрметті ата-аналар, оқушылар! » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих

09
август
2021

Құрметті ата-аналар, оқушылар!

Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Биыл мектебіміздің күрделі жөндеу жұмысы сәтті аяқталып, қолданысқа беріліп жатқандығы туралы қуана хабарлап айавгуст. Сонымен қатар, жаңа оқу жылын баршамыз асыға күтудеміз. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерімізбен мектеп қабырғасында қауышамыз деп үміттенеміз. Барша шәкірттерімізбен қауышып, дәстүрлі оқуға оралсақ деген үлкен арманымыз бар.
   Мектеп басшысы ретінде сіздермен байланыста болып, көкейдегі сұрақтарыңызға жауап беріп, кез-келген ұсыныстарыңыз болса, әрдайым қабыл алуға дайынмын. Еліміздің өркендеуі мен мектеп абыройының асқақ болуына бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдемін. Қандай да сауалдарыңыз бен бөлісер ойларыңыз болса, мектеп сайтына, мектептің әлеуметтік желілері арқылы жолдай аласыздар.
   Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай жаңа оқу жылында толағай табыстар мен кемел жетістіктерге сіздермен бірге жетеміз деп сенім білдіреміз. 81 мектеп-гимназия ұжымы еліміздің ертеңі үшін аянбай қызмет етуге, сапалы білім беру мен саналы тәрбие беруде ешқашан аянып қалмайды!
   Еліміздің болашағы, ұлтымыздың ертеңі мектеп қабырғасында білім алатын жас ұрпақтың саналы ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы тұрғыда біздің ұрпақ дамыған елдердегідей сапалы білім алуға, ұлттық ұлағатты тәрбие алуға құқылы. Біз ол үшін барымызды саламыз!
   Көкейде алаңдатарлық сауалдарыңыз және ойға ой қосарлық пікірлеріңіз болса, жазып бөлісе отырыңыздар.
   Құрметпен:
Алматы қаласы
81 мектеп-гимназия директоры Нұрғали Асанұлы. @asanuly_nurgali
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: