Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің қадамдары құтты болсын! » КГУ «Школа-гимназия №81» Управления образования города Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Школа-гимназия №81"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің қадамдары құтты болсын!

11
март
2021

Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің қадамдары құтты болсын!

    Құрметті ата-аналар! Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің қадамдары құтты болсын. 2020-2021 оқу жылында бірінші рет мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз пандемияға байланысты алғашқы қадамдарын ерекше форматта бастаған еді. Бүгін міне, кішкентай ғана балапандарымыз үшін ерекше күн болды. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, партаға отырып мектепте қуаныштан мәре-сәре болды.  Тарыдай болып келген шәкірттеріміз, таудай болсын.Талаптарына нұр жаусын. Осы күн шәкірттеріміздің есінде қалсын деп мектеп бітіруші түлектеріміз 1-сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алып, мектептің логотипі бейнеленген төсбелгіні естелікке табыс етті. Мектеп директоры, Нұрғали Асанұлы Турумбетов оқушылармен жүздесіп, жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Бүлдіршіндерімізге сәттілік тілейміз. 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: