Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ыстық тамағының сапалы ұйымдастырылуын және асхананың санитарлық тазалығын тексеру

19
қазан
2022

Ыстық тамағының сапалы ұйымдастырылуын және асхананың санитарлық тазалығын тексеру

19.10.2022 күні, 1-4 сынып оқушыларының ыстық тамағының сапалы ұйымдастырылуын және асхананың санитарлық тазалығын тексеру мақсатында бракераж комиссия мүшелері
1. Н.Турумбетов - мектеп директоры;
2. С.Дүйсенова - қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
3. Д.Альпенова - директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары;
4. А. Асатова -мектеп медбикесі;
5. К.Берденова - кәсіподақ ұйымының төрайымы;
6. Е.Амангелді - әлеуметтік педагог
7. Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі: Женсикбаева А.С
тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесі:
🔰 Асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, қуыру цехтары, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер, азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
🔰 Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған.
🔰 Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде
🔰Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.
🔰 Балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;
🔰Бракераждық комиссиямен тексеру кезінде мектеп асханасында тыйым салынған тағамдар анықталған жоқ. Тексеру қорытындысына акт жазылды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: