Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Директорлық сенбі – ата-ана үні» -11 сынып ата-аналары үшін

27
ақпан
2021

«Директорлық сенбі – ата-ана үні» -11 сынып ата-аналары үшін

  
   Қазақстан Республикасы Президенті, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Алматы қаласы Білім басқармасы әрбір білім беру ұйымдарында «Директорлық сенбі – ата-ана үні» тақырыбында ата-аналармен онлайн-кездесулер өткізу туралы шешім қабылдады.
   Алматы қаласы Білім басқармасының 08.02.2021 № 03-1/ 86 хаты негізінде 27.02.2021 күні, Бостандық ауданы № 81 мектеп-гимназияда 10-11 сынып ата-аналарымен «Директорлық сенбі – ата-ана үні» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Онлайн-кездесуге мектеп директоры Турумбетов Н.А, директордың оқу- тәрбие жөніндегі орынбасарлары Байтуғанова Б.А, Альпенова Д.М, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жоламанова Ж.С, Усенова А.К, Бостандық ауданы ПБ ЖПБ ЮПБ аға инспекторы, полиция-майоры Абишева Л.Б, мектеп психологтары Капарова С.К, Жирен Б.Ж және әлеуметтік педагог Узахбаева Ж.К қатысты. Жиналыс белгіленген уақытта өтті.
   Мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселерінде, құқықбұзушылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу, сондай-ақ «мектеп – ата-ана – бала» қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық –педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылқты алдын-алудағы ата-ана мен мектетің байланысын нығайту. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау ережелерімен таныстыру.
Мектеп директоры Турумбетов Н.А ата-аналарды төмендегі күн тәртібімен таныстырып өтті.
1. Мектептің күрделі жөндеуі туралы ақпарат беру.
2. Қашықтықтан оқыту кезіндегі тәрбие жұмысының жүргізілуі
3. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу мәселелері
4. Менің психологиялық денсаулығым
5. Білім алушылардың қорытынды аттестаттау ережелерімен таныстыру
6. Оқушылардың әлеуметтік жағдайының зерттелуі
7. Сұрақ-жауап
   Бірінші мәселе бойынша, мектеп директоры Турумбетов Н.А кіріспе сөз алып, ата-аналар үшін маңызды ақпарат, мектептің күрделі жөндеуі мен мектептің жаңа оқу жабдықтарымен жабдықталуы туралы ақпаратты презентация негізінде ата-аналарға көрсетіп, таныстырып өтті. Ағымдағы мәселер бойынша ата-аналармен пікір алмасты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жоламанова Ж.С, Усенова А.К қашықтықтан оқыту кезіндегі оқушылармен жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы есеп беріп, бірлесе жүргізілген іс шаралардағы ата-аналардың белсенділіктері үшін және қашықтықтан оқыту кезіндегі бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері үшін алғыс білдірді.
   Үшінші мәселе бойынша, Бостандық ауданы ПБ ЖПБ ЮПБ аға инспекторы, полиция-майоры Абишева Л.Б жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын –алудағы бала тәрбиесіндегі ата-аналарды жауапкершілігімен таныстырып, заң шеңберінде ата-аналарға кеңес берді.
   Төртінші мәселе бойынша, мектеп психологтары Капарова С.К, Жирен Б.Ж «Менің психологиялық денсаулығым» тақырыбы төңірегінде ата-аналармен әңгіме жүргізіп, қашықтықтан оқыту кезіндегі «мектеп – ата-ана – бала» қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық –педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға кеңес берді. Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқушыларға психолгиялық көмек беру мақсатында жүргізілген іс шаралармен таныстырды.
Бесінші мәселе бойынша, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Байтуғанова Б.А және Альпенова Д.М мектеп бітіруші сынып ата-аналарын қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 29.01.2021 жылғы № 5-18-2//47-И хаты негізіндегі білім алушылардың қорытынды аттестаттау ережелерімен таныстырды. ҰБТ- ның өткізілу форматына жалпы тоқталды.
   Алтыншы мәселе бойынша, әлеуметтік педагог Узахбаева Ж.К жалпы мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайының зерттелуі туралы жалпы ақпарат беріп өтті. Көрсетілген көмек пен ұйымдастырылған шаралармен таныстырды. Әлеуметтік көмек алуға ниет білдірген ата-аналарға іс құжаттарды тапсыруға болтындығын жеткізді.
Жетінші мәселе бойынша, ата-аналмен диалог құрылды. Ата-аналар өз тараптарынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды. Сонымен қатар, ата-аналар қашықтықтан оқыту кезіндегі мектеп ұжымының еңбегін бағалап, алғыс –тілектерін білдірді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: