Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар,...» қалалық байқауының жеңімпаздары

04
наурыз
2021

«Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар,...» қалалық байқауының жеңімпаздары

    Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының жоспарына сәйкес және ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру мақсатында 09-19 ақпан күндері онлайн режимінде өткізу нұсқаулығы негізінде Zoom платформасында «Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар,...» атты қалалық байқау өткізілді. Байқау мектепке дейінгі тәрбие (балабақша) және бастауыш, 5-7 сынып оқушылары, қазақ тілінде білім беретін орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру студенттері, орыс тілінде білім алатын орта білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.Мұқағали оқуларының жеңімпаздарымен жүлдегерлері «Алматы дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Байқауға барлығы 2229 оқушы қатысты. Оның ішінде I дәрежелі дипломмен -73 қатысушы, II дәрежелі дипломмен – 143 қатысушы, III дәрежелі дипломмен – 176 қатысушы марапатталды.
    Жүлделі орындардың саны бойынша аудандардың көрсеткіштері төмендегідей болды:Бостандық ауданы – 252 қатысушының 58 (23%) жүлдегер.
    Аталған байқауға мектебіміздің оқушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 1 және 2 орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды.Жолдама алған оқушыларымызға алдағы жауапты кезеңнен сүрінбей өтіп мектеп мәртебесін көтере берулеріне тілек білдіреміз.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: