Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлы дала тұлғалары. Ұлы дала есімдері" тақырыбындағы  қалалық ғылыми жоба байқауының жеңімпазы
20
наурыз
2021
"Ұлы дала тұлғалары. Ұлы дала есімдері" тақырыбындағы қалалық ғылыми
   "Ұлы дала тұлғалары. Ұлы дала есімдері" тақырыбындағы орта білім беру ұйымдары мұғалімдері арасындағы қалалық ғылыми жоба байқауына бастауыш сынып мұғалімі, Тажибаева Замзагуль Ержигитовна қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ізденімпаз ұстазымызды жеңісімен құттықтаймыз. https://www.instagram.com/p/CMnFnvNMbI4/?utm_source=ig_web_copy_link  
  ХІІІ халықаралық "Асыл мұра" байқауының жеңімпазы 2 "Ә" сынып оқушысы Бахтжан Семанур
15
наурыз
2021
  ХІІІ халықаралық "Асыл мұра" байқауының жеңімпазы 2 "Ә" сынып
    "ҒҰМЫРДАРИЯ"     ХІІІ халықаралық "Асыл мұра" халықтық дәстүрлі ән және аспапты орындаушылардың ән-би балалар мен жасөспірімдер және жастар өнер байқауының "Вокал" жанры бойынша 2 "Ә" сынып оқушысы Бахтжан Семанұр ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Талабыңа нұр жаусын, Семанұр. Жеңісіңмен құттықтаймыз. Жетекшісі, музыка пәні мұғалімі А.У Сұлтанова өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие берудегі еңбегі үшін дипломмен марапатталды.       
Республикалық "Самғау" байқауының жеңімпазы және жетекшісі марапатталды.
13
наурыз
2021
Республикалық "Самғау" байқауының жеңімпазы және жетекшісі
    Республикалық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан ұйымдастырылған ән-би, өнер байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, Тілеуберді Ибраһим "Көркем сөз" жанры бойынша үздік өнер көрсетіп, Диплом табыс етілді. Жетекшісі Жетесова Алмагул апайымыз Алғыс хатпен марапатталды. Оқушымыздың жетістігіне қуана отырып, алдағы уақыттарда да әртүрлі байқаулардың жеңімпазы болуына тілек білдіреміз.  
"Эстафета лучших педагогов страны" сертификатының иегері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нургалиева Л.А.
12
наурыз
2021
"Эстафета лучших педагогов страны" сертификатының иегері ағылшын тілі
   «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қ. бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтының базасында виртуалды білім беру маршруты – «Үздік педагог эстафетасы» конкурсы ұйымдастырылды.  Эстафетаның мақсаты – ең үздік заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Айтулы конкурс аясында ағылшын тілі  пәні мұғалімі Нургалиева Лора апайымыз  4-тоқсанға арналған цифрлық сабақтарды ерекше құлшыныспен әзірлеп арнайы сертификатқа ие болды.  
 "Анамнан сый". Әні мен сөзін жазған  ұстазымыз Изкенов Самен Жұмағалиұлы
08
наурыз
2021
 "Анамнан сый". Әні мен сөзін жазған  ұстазымыз Изкенов Самен
   "Анамнан сый". Әні мен сөзін жазған  Изкенов Самен Жұмағалиұлы. Орындаушы:  әнші  Бақберген Байшығаш.    № 81 мектеп-гимназияның музыка пәнінің мұғалімі, домбырашы, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, ақын-композитор. Қазіргі таңда мектеп мақтанышы болған Самен ағайымыздың көптеген авторлық өлеңдері мен әндерін оқушылар сүйіп орындап жүр. Жарық көрген "Өмірді сүйемін", "Көктем-шуақ, көктем-гүл.Махаббат-сезім,ән-бұлбұл","Өмір-өзен" атты жинақтарындағы әрбір өлең жолдарында үлкен тәрбиелік
"Ән иесі" Әні мен сөзін жазған  ұстазымыз Изкенов Самен Жұмағалиұлы
07
наурыз
2021
"Ән иесі" Әні мен сөзін жазған ұстазымыз Изкенов Самен Жұмағалиұлы
    "Ән иесі". Әні мен сөзін жазған Изкенов Самен Жұмағалиұлы. Орындаушы: әнші Бақберген Байшығаш.         № 81 мектеп-гимназияның музыка пәнінің мұғалімі, домбырашы, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, ақын-композитор. 8-наурыз арулар мен аналар мерекесі қарсаңында мектебіміздің қыз-келіншектеріне арнап "Ән иесі" әнін жолдады. Ән өте әсерлі. Мереке қарсаңында ұжымға керемет көңіл күй сыйлады. Сәмен ағайға шығармашылықтың шыңына шыға беріңіз деп тілек айта отырып, әлі де талай жақсы әндер
Бостандық ауданы Әкімінің алғыс хаты
05
наурыз
2021
Бостандық ауданы Әкімінің алғыс хаты
   8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елдің қоғамдық - саяси дамуына үлкен үлес қосып, өз саласының кәсіби маманы ретінде өзін таныта білгені үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.С Жоламанова Бостандық ауданы Әкімінің алғыс хатымен марапатталды https://www.instagram.com/p/CMCTFs3MceK/?utm_source=ig_web_copy_link  
"Қасиетті домбыра" бағдарламасының "Домбыра үйренудің санамақ әдісі" әдістемелігі. Авторы Изкенов С.Ж.
24
ақпан
2021
"Қасиетті домбыра" бағдарламасының "Домбыра үйренудің санамақ әдісі"
   Музыка пәнінің мұғалімі, ҚР авторлар қоғамының мүшесі, ақын-композитор, домбырашы, зерттеуші-педагог, Изкенов Сәмен Жұмағалиұлының «Қасиетті домбыра» бағдарламасының "Домбыра үйренудің санамақ әдісі"  әдістемелігі  жаңадан жарық көрді. Самен ағайға шығармашылық табыс тілейміз.   
2020-2021 оқу жылының жарты жылдығы бойынша «Қасиетті домбыра» үйірмесінің  жетістігі. Жетекшісі Изкенов С.Ж.
24
ақпан
2021
2020-2021 оқу жылының жарты жылдығы бойынша «Қасиетті домбыра»
                    Домбыра Бұл домбыра қасиетті күй,толғау Көңіліңді нұрға бөлер шын қолдау. Ата-бабам ұрпағына қалдырған, Аманатын жалғастырар бұл-Жолдау! Қазақ халқын танып білсем десеңіз, Қазақ тілі ол-қоңыр үн білсеңіз. Рухы биік , текті, таза жан сыйлар, Ол домбыра күмбірлеген сенсеңіз!  
Мектеп  әнұраны. Әні мен сөзін жазған: Самен Жұмағалиұлы
15
ақпан
2021
Мектеп әнұраны. Әні мен сөзін жазған: Самен Жұмағалиұлы
   Эстетикалық пәндер бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанатында музыка пәнінің мұғалімі Изкенов Самен Жұмағалиұлы мектеп-гимназия директоры Турумбетов Нұрғали Асанұлына мектебімізге арнайы жазған төл туындысы, мектеп Әнұранын тарту етті. Мектеп әнұранының әнін де, сөзін де Самен Жұмағалиұлы жазған. Әрбір сөзі мен шумағы терең ойға толы. Мектеп-гимназияның алғашқы әнұранының ғұмыры ұзақ болғай. Мектебіміздің әнұранын әрбір шәкіртіміз мақтанышпен шырқайды деп ойлаймыз. Мектеп әнұраны-