Алматы қаласы Білім басқармасының
"№81 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 394-02-54
Есепші бөлімі:
+7(727) 394-93-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!” тақырыбында Мұқағали ұрпақтарымен кездесу

13
ақпан
2024

“Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!” тақырыбында Мұқағали ұрпақтарымен кездесу

   13.02.2024 күні, сағат 12:00- де, Ақиық ақын, Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектебімізде мектеп кітапханашылары Г.Алимбекова, Ж.Айнақүлова мен қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен “Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!” тақырыбында Мұқағали ұрпақтарымен кездесу кеші өтті.
Кеш қонақтары:
Жұлдыз Мұқағалиұлы, заңгер;
Ақынның келіні - Бақытгүл Қыдырбайқызы
“Мұқағали атындағы халықаралық қордың” төрайымы
Шаяхмет Имашұлы- Мұқағали мұрасын насихаттаушы, ҚР Киноқайраткері профессор Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Академиясының профессоры, «Құрмет белгісі» ордені иегері .
Кешке мектебіміздің ұстаздары, оқушылары және Бостандық ауданы мектептерінің кітапханашылары қатысып, үлкен әсер алды. Кездесу кешінде шәкірттеріміз Мұқағалидің өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Кеш қонақтары мен оқушылардың арасында қызықты сұхбат өрбіді. Мұқағалидың өлеңдерін оқыған шәкірттерімізге Жұлдыз Мұқағалиұлы ризашалығын білдіріп, ақ батасын берді. Жұлдыз Мұқағалиұлы әке туралы сөз сөйлеп, қызықты естеліктерімен бөлісті.
Мұқағалидің келіні-Бақытгүл Қыдырбайқызы да оқушылармен атасы туралы естелік әңгімелер жүргізді.
Шаяхмет Имашұлы- Мұқағали мұрасын насихаттаудағы, зерттеудегі шығармашылық жұмыстары туралы айтып, өлеңдерін нақышына келтіріп оқып әсер қалдырды.
Жалпы алғанда, тағылымы терең кездесуден қатысушылар рухани әсер алды. Бір ғасырда бір туар, поэзия патшасының ұрпағымен кездесу кеудемізге мақтаныш ұялатты.
Алтын уақыттарын бөліп, мектебіміздің құрметті қонағы болып, шәкірттерімізбен өнегелі сұхбат жүргізген Мұқағали атамыздың ұрпақтарына алғысымыз шексіз!
 https://www.instagram.com/reel/C3VghyZCldv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C3WZbeiCnTj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C3VTpd4CVzb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C3VSIuPCd8g/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C3UkVfkC3lF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: